Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нығматулиндерге прокуратураның көмектескені туралы хабарлама кенет жоғалып кетті

Құқық
Нығматулиндерге прокуратураның көмектескені туралы хабарлама кенет жоғалып кетті
© ҚазТАГ

Павлодар облысының прокуратурасы Нығматулиндер отбасына көмектескені туралы хабарламаны сайтынан өшірді, деп жазады ҚазТАГ, өз кезегінде «Орда» басылымына сүйеніп.

Басылымның мәліметінше, прокуратура өзінің ресми сайтынан EkibastuzFerroAlloys ферросплав зауытының іске қосылуына төрт жыл бойы көрсеткен қолдауы жайлы пресс-релизді кенеттен алып тастаған.

— «Павлодар облыстық прокуратурасы өз сайтынан EkibastuzFerroAlloys зауытын іске қосуға төрт жыл бойы қалай көмектескені туралы релизді кенет өшіріп тастады. (…) Біз себебін білмек болдық, алайда ведомство қоңырауларға да, жазбаша сауалдарға да жауап берген жоқ», —

делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Аталған зауыт мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егізі, бұрынғы сенатор Ерлан Нығматулин ықпал ететін топпен байланыстырылып жүр.

Айта кетейік, 2023 жылғы қазаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін Павлодар облысының прокуроры болып қызмет атқарған Берік Жүйріктайев бүгінде Бас көлік прокуратурасын басқарады. Ал өңірдің жаңа прокуроры болып Алмат Байшулаков тағайындалған.

Бұған дейін, 25 қарашада, KazTAG ақпарат агенттігі Павлодар облысы прокуратурасы Нығматулиндер тобына мемлекеттік Бәйтерек холдингі құрамындағы Қазақстанның Даму Банкінен EkibastuzFerroAlloys зауытын салуға ондаған миллиард теңге қаржы алуына жәрдемдескенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, аталған зауытқа бөлінген 72 млрд теңге мәселесі журналист Әсет Матаевтың президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ашық хатына арқау болды. EkibastuzFerroAlloys зауытын Нығматулиндер отбасы мен олардың серіктесі Шмаги (Давид) Кемертелидзе бақылап отырғаны бұған дейін де айтылған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу