Қарағанды облысында үш адам мұз астына түсіп кетті

Арман Қайыпхан

  • 05.01.2025

Қарағанды облысында үш адамы бар көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың екеуі өз бетінше шыққан, үшіншісінің денесін құтқарушы сүңгуірлер тапты. Түнде Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында қайғылы оқиға болды. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.

– Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеді. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды, – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Құтқарушылар қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

Мұздың қалыңдығын тексеріңіз: бір адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы кемінде 10 см, ал көлік үшін  30 см.

Қараңғы және жарықтар бар мұз учаскелерінен аулақ болыңыз: мұндай жерлер сенімсіз.

Қараңғы уақытта немесе көрінбеу жағдайында мұзға шықпаңыз.

Мұзды шамадан тыс жүктемеңіз: үлкен топтар немесе техника оны сындыруы мүмкін.

Қайда бара жатқаныңызды жақындарыңызға ескертіңіз және әрдайым құтқару құралдарын (арқан, таяқ және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Айта кетейік, бүгін Семейде 4 адам мінген көлік Ертіске құлап кеткен еді.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

06.04.2025

Сотталған белсенді Марат Жыланбаев аузын тігіп тастаған

06.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында күзет қызметкерін соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді

Сотталған белсенді Марат Жыланбаев аузын тігіп тастаған

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастама топ жетекшісі Марат Жыланбаев қарсылық ретінде аузын тіктi