Қостанайда өртте қаза болған бес балаға қатысты тың деректер айтылды

Еңбек министрі отбасының табысы жақсы болғанын айтты

Мадина Қайнарова

  • 14.10.2024

Қостанай облысының Жітіқара қаласында бес баланың өмірін жалмаған өртке қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова айтты.

Өрт 11 қазанда сағат 4:30 шамасында басталған. Сағат таңғы бесте үйдгеі балалардың үлкені көршілерінен көмек сұрауға барыпты. Алайда өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің төбесі құлап кеткен болатын.

- Қаза болған балалардың анасы екі рет тұрмыс құрған. Сондықтан балалардың тегі әр түрлі. Бірінші некеде - үш бала, екінші некеде - тағы үш бала. Балалардың ең кенжесі мамырда бір жасқа толған. Сол кезде көпбалалы ана атанып, орденмен марапатталды. Бірінші күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Әйел жергілікті дүкенде тазалаушы болып жұмыс істейді, - деді министр мәжіліс кулуарында.

Өрт кезінде балалардың анасы үйде болмаған. Балалары тоңып қалмасын деп танысын пеш жағуға жіберген екен. Ол келіп пешті жағып, қайта кетіп қалған.

Жакупова бұл отбасының табысы жақсы болғанын айтып өтті.

Фото: elements.envato.com

Байланысты жаналықтар

Бектенов Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдерін сынға алды

27.05.2025

Жетісайдағы автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты

26.05.2025

Талдықорғанда өртенген қонақүйден адамның мәйіті табылды

24.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025
MalimBlocks
Бектенов Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдерін сынға алды

Жетісайдағы автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты

Талдықорғанда өртенген қонақүйден адамның мәйіті табылды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды