«Үстінен екі рет мыжып өткен». Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізушіге жеңіл жаза берді

Кенже қызынан айырылған ананың жүрегі қан жылайды. Бұл тым жеңіл жаза дейді марқұмның туыстары.

Сабина Асқарқызы

  • 12.01.2025

Семейде жол апатынан қайтыс болған 21 жастағы қыздың туыстары жоғары соттан көмек сұрайды. Аяжан Нұрмадиеваны жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезінде қағып, үстінен басып өткен. Бірақ марқұмның жақындары айыпталушыға сот бар болғаны 2 жарым жыл жаза кескені әділетсіз дейді. Бұл туралы Malim.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Аяжан Нұрмадиеваны көлік қыркүйек айында қаққан. Бейнебақылау камерасынан 21 жастағы бойжеткеннің алысқа қаңбақтай ұшып кеткенін көруге болады. Анасының сөзінше, жол талғамайтын машина сұлап жатқан қызды басып өтіп әрең тоқтаған. Ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жетпей көз жұмған екен.

Дүкенге кетіп бара жатқан. 11 метрге лақтырып, тежеуішті баспай, сол құлаған жерінен ішінен мыжып аударып, одан кейін арқасынан мыжып барып тоқтаған. Тоқтағаннан кейін бірден көліктен шығып, екі жақ қолынан сынғанына қарамай, көліктің астынан алып шыққан. Бала негізі соққыдан кейін қайтыс болып кеткен,дейді марқұмның анасы Гулнора Муминова.

Кенже қызынан айырылған ананың жүрегі қан жылайды. Бозтаев көшесінде болған қайғылы оқиға сотқа жетіп, джиптің жүргізушісі екі жарым жыл жаза арқалапты. Сондай-ақ бес жылға темір тұлпар тізгіндеу құқығынан айырылған. Бірақ бұл тым жеңіл жаза дейді марқұмның туыстары.

Қазір олар аппелацияға беріп жатыр. Екі-ақ жылға сотталу үшін тергеу изоляторында отырған бір күні бір жарым күн деп саналады. Солай баланы өлтіріп мүлдем құтылып кетпекші. Сол үшін мен аналық жүрегіммен көмек сұраймын. Егер де жай қағып, сол жерде жүгіріп барып тамыр соғысын қарап әрекет жасаса, ол бір әңгіме. Егер 2,5 жыл берсе, изолятордағы күндерін алып тастағанда 1 жылы ғана қалып тұр. Сол үшін көмек сұраймын, дейді Гулнора Муминова.

Семей қалалық соты судья тараптарды тыңдап, дәлел-дәйектерді зерттеп шешімді заң аясында шығарды деп отыр.

Осы істегі мән-жайлардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 55-ші бабының 2-ші бөлігі қолданып, іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы, жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығы бойынша онша ауыр емес қылмыстар қатарына жатады бұл. Сондықтан қарастырылған жазаның ең жоғары жазаның жартысынан асыруға болмайды. Соған байланысты сот 2 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап отыр, деді Семей қаласының №2 сотының судьясы Ербол Әділбеков.

Алдағы уақытта аппеляциялық сот отырысы өтетін болады. Жәбірленуші тарап аппеляция жаза мерзімін қысқартса, жоғары сотқа шағымданамыз деп отыр.

Фото: “Информбюро” 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

13.01.2025

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі жағдайдың қиын екенін айтты

12.01.2025

Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін сотталып кетті

08.01.2025

Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді

06.01.2025

Шымкентте бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырған шенеунік сотталды

06.01.2025

Қарағанды облысында үш адам мұз астына түсіп кетті

05.01.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

Әрқайсы 19 жылдан арқалады

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі жағдайдың қиын екенін айтты

Бірақ міндетті түрде қасына күтіп отыратын адам керек.

Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін сотталып кетті

Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді

Ол түрмедегі 12 жылын толық өтейтін болды

Шымкентте бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырған шенеунік сотталды

Ол құрылыс материалдарының құнын көтеріп көрсеткен

Қарағанды облысында үш адам мұз астына түсіп кетті