Әкім Сұлтанғазиев әкесі басқарған каналдағы делдалдарды тазартпақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әкім болғанына бір жылға орай бірлі-екілі ақпарат өкілдеріне мамыражай сұхбат беріпті.

  • 08.06.2023

Ашық сұрақ қойылмаған сыпайы сұхбат пен жалпылама жауапқа толы әңгімедегі бір сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстағы ауыл шаруашылығын өркендету жолында Үлкен Алматы каналын тілге тиек етіпті.

«Біз биыл бірінші рет Үлкен Алматы каналы мен шаруа қожалықтарының ортасындағы делдалдарды алып тастадық. Сөйтіп, су тарифін кәдімгідей арзандаттық. Яғни, су енді Үлкен Алматы каналынан шаруа қожалығына бірден жетеді» депті Марат Сұлтанғазиев.

Жалпы, әкім айтып отырған Үлкен Алматы каналы 1964-1986 жылдары Қазақстанның сол кездегі жетекшісі Дінмұхамед Қонаевтың тікелей бастамасы және бақылауымен салынған. Сол себепті бұл каналға Д.Қонаевтың аты берілген. Каналдың ұзындығы – 168 шақырым. Бұл каналға Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандарындағы тұрғандардың күні қарап тұр. Судың басы қолдан жасалған Бартоғай бөгенінен алынады.

Бартоғай су қоймасы мен Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы мемлекет қарауында болғанымен 1990 жылдардың басынан бастап, канал мен шаруа қожалықтарының ортасында делдалдар пайда болған. Бұл мәселені жергілікті тұрғындар айтудан тіпті шаршаған.

Бір айта кетерлігі, Бартоғай су қоймасы мен Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналын қазіргі Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің әкесі Елеусіз Сұлтанғазиев ұзақ жылдар бойы басқарған болатын. Тіпті, Еңбекшіқазақ ауданының кейбір тұрғындары Үлкен Алматы каналын үлкен Сұлтанғазиев жекешелендіріп алды деп те қисынсыз әңгіме соғады.

Тағы да бір айта кететіні,  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ағасы Қанат қай бір жылдары Еңбекшіқазақ ауданында әкім болған. Кіші Сұлтанғазиевтің бүгінгі сөзіне қарағанда ағасы ауданда әкім болып тұрған кезінде әкесі басқарған канал бойындағы делдалдарға ешқандай шара қолданбаған болып тұр.

Қалай десек те, су патшасы Сүлеймен демекші, үлкен Алматы каналы бойындағы судан шу шықса,  Сұлтанғазиевтердің аты да бірге шығатын.  

(Басты беттегі көрнекі сурет видеодан алынды)

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

562 миллион теңге: Алматы облысы әкімі қымбат көліктерді бюджет қаражатына не үшін алған?

05.04.2025

Марқұм Шерзаттың отбасының үй мәселесі қалай шешілетіні айтылды

13.12.2024

Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

03.08.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

 Марат Сұлтанғазиев сияқты әкім жоқ, мақтау да, балмұздақ та артық етпейді

17.05.2023
MalimBlocks
Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

562 миллион теңге: Алматы облысы әкімі қымбат көліктерді бюджет қаражатына не үшін алған?

Алматы облысы әкімдігі жол талғамайтын қымбат көліктерді мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алған. Марат Сұлтанғазиев оларды қызметтік сапарларына пайдаланады

Марқұм Шерзаттың отбасының үй мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Жергілікті меценаттар үй соғып беруге дайын отыр

Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

«Журналист келді екен деп мәселе шешіледі деп ойламаңдар».

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

 Марат Сұлтанғазиев сияқты әкім жоқ, мақтау да, балмұздақ та артық етпейді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бүгінгі жұмыс уақыты зая кеткен жоқ. Бүгін ол тағы да бір тағайындауға қол қойды!