Алматыда 11 тісіне имплантация жасатқан әйелдің сүйегі шытынап кеткен

Жәбірленуші әйел ипланттың түбі іріңдеп кеткенін айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 06.08.2024

Имплант тіс салдыруға жекеменшік клиникаға жүгінген 44 жастағы әйел ота жасаған дәрігердің үстінен шағым түсірді. Айтуынша, отаның салғырт жүргізілуінен бет сүйегі шытынап, жағы жансызданып қалған, деп хабарлайды Malim.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Салған жасанды тістері 1 ай өтпей түсіп, қызыл иектің кей тұсы іріндеп кеткен көрінеді. Дәрігерге көңілі толмаған келіншек енді 1 миллион 200 мың теңгесін толық қайтаруды талап етіп отыр.

“Әйел 32 тістің 11-не имплантация жасатуға 1 жыл бұрын жүгініпті. Сөзінше, алғашында бәрі жақсы болған, бірақ 21 күннен кейін жасанды тістері сыр бере бастаған. Кейбірі қадалған орнында қатаймай түсіп те қалған екен. Осыдан соң дәрігер бірнеше мәрте ота жасады дейді”, – деді Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Сәуле Махатова.

Жәбірленуші әйел ипланттың түбі іріңдеп кеткенін айтады.

“Ұзын имплант салған. Себебі ол менің жақ сүйегімді көрген жоқ. Арасы қанша сантиметр, миллиметр екенін білмейді. Ол екі жағыма бірден ұзын имплант салды. Қазір енді ісік бар, соны басқан кезде ірің шығады. Бассам, импланттың түбінде ірің бар. Ал 40 мың теңге деп қойған уақытша тістерінің бонттары тым қысқа болған соң түсіп қалып жатыр”, – деді алматылық Мөлдір Әлиева.

Жасанды тіс салдырамын деп әлекке салынған әйел дәрігерден қызметі үшін алған ақшаны толық қайтаруды талап еткен. Бірақ жекеменшік клиниканың басшысы бұл өтінішті орындамайтынын айтты.

“Біз қызметімізді соңына дейін көрсетеміз. Дене қабылдамаса, оны бірден айтамыз. Өзге ағза организмге салынады, біз оны қайта салып бере саламыз, қиындық жоқ. Бірақ пациенттің өзі енді ондайды қаламайды. Біз өзіміздің еңбек үшін алған соманы қайтарып береміз, ал материал үшін кеткен шығынды компаниялар қайтармайды ғой”, – деді имплантолог Шыңғыс Кәрімбаев. 

Әйел енді мәселесін құзырлы органдар арқылы шешпек. Ол прокуратураға да арыз қалдырған. 

Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілінің айтуынша, қызметке көңілі толмаған жағдайда шағымданушы ең әуелі дәл сол мекемеге наразылық хат жолдауы қажет.

“10 күнтізбелік күннің ішінде жауап берілу керек. Кейбір сатушы немесе қызмет көрсетуші сол мерзімді өткізіп алып жатады. Ондай жағдайда біз тексеру аша аламыз. Тұтынушының наразылығына жауап бермегені үшін шара қолданамыз”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Сәуле Махатова.

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Мәйіттерді қорлады деп айыпталған күзетшінің ісі тоқтатылды

11.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Илон Масктің анасы Алматыға келеді

09.09.2024

Екі жігіт онлайн-казино ойнап, жұрттың көліктерін сатып жіберген

07.09.2024

«Басынан атқан»: Алматыда көліктен ер адамның денесі табылды

03.09.2024

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

02.09.2024
MalimBlocks
Мәйіттерді қорлады деп айыпталған күзетшінің ісі тоқтатылды

Ол мәйітханада күзетші болып 2022-2023 жылдары жұмыс істеген

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Илон Масктің анасы Алматыға келеді

Ол қалаға алғаш рет келгелі отыр

Екі жігіт онлайн-казино ойнап, жұрттың көліктерін сатып жіберген

Олар қазір түрмеге қамалды, әрекеттеріне өкінеді

«Басынан атқан»: Алматыда көліктен ер адамның денесі табылды

Оқиға Нұрлытау ықшам ауданында болған

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған