Ақтөбеде күйеуінен қорлық көрген әйел оны пышақтап өлтірген

Күйеуін өлтірген әйел көршісінен жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұраған

Арман Қайыпхан

  • 30.07.2024

Ақтөбе облысында күйеуінен қорлық көріп келген әйел мас күйеуінің пышақтап тастады. Сот әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Malim.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Қанды оқиға Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылында болған. 47 жастағы ауыл тұрғыны күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Оқиға болған күні кешке ол күйеуімен шарап ішкен.

Күйеуімнен жатуын өтіндім, тиісуін қоймаса, үлкен ұлымды шақырамын, сонымен бірге анама кетемін деп айттым. Үлкен ұлым басқа некеден. Ол “ұлың бірдеңе деп көрсін, ішегін бұрап тастайтын” деп айтты. Содан соң шалбарымды жыртып, өлтіремін деп қорқытты. Сол кезде ашуланып, оған пышақ сұға бастадым, – деді әйел.

Күйеуін өлтірген әйел көршісінен жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұраған.

Шошып кеттім, қанды көргенде не істегенімді түсіндім, күйеуім жедел жәрдем шақыруды өтінді. Есік ішінен кілтпен жабылған, оны таппағасын терезе арқылы сыртқа шықтым. Менің өтінішім бойынша көршім жедел жәрдем мен полиция шақыртты, – деді әйел.

Сотталушы күйеуінің ашушаң, агрессивті болғанын, жиі ішімдік ішіп, жанжал шығаратынын, тіпті күш көрсетіп, қорқытқанын айтты. Әйел оның ашуын одан әрі тудырмас үшін полицияға жүгінбепті.

Марқұмның әпкесі сотта келіні туралы жаман ештеңе айта алмайтынын, оның бұл әрекетін түсінетінін айтты. Жеңгесін шартты түрде соттауды сұраған.

Ағамның үйіне барғанда, жеңгемнің денесі көгеріп, ісіп жүргенін көрдім. Мұны ағам істегенін түсіндім, бірақ ол “құлап қалдым” деп айта салды. Мен жеңгемді түсінемін және кінәламаймын, оған ешқандай шағымым жоқ, оны шартты түрде соттауды сұраймын, – деді ол.

Сот күйеуін өлтірген әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың ортақ ұлын әжесі қамқорлыққа алды.

Фото: adyrna.kz

Байланысты жаналықтар

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

25.04.2025

Елімізде рұқсатсыз алтын өндірген компания басшылары ұсталды

24.04.2025

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

24.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

Шымкентте алты жасар баланың өлімінен кейін екі кәсіпкер қамауға алынды. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған

Елімізде рұқсатсыз алтын өндірген компания басшылары ұсталды

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Салдарынан бүлдіршін қаза тапты

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды