«Арабтар сияқты болып алыңыздар». Қатардағы қазақ қыздары шетелдікке тұрмысқа шығу туралы ойын айтты

Қаракөздеріміздің арасында қатарлықтамен бас қосқандар да бар екен.

Сабина Асқарқызы

  • 15.01.2025

Бүгінде жұмыс бабымен Қатар елінде өмір сүріп жатқан қазақ қыздары аз емес. Олар шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығу туралы ойын ашық айтты. Бұл туралы «Жалғыз жолаушы» youtube-арнасына сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.

Қатарда тұратын Нұршат есімді қазақ қызы шетелдікке тұрмысқа шығуға қарсы емес.

Қазақстанда халықтың көбі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді. Олай болғанын қаламағандықтан келдім. Бізді «арабқұлдар» деп атайды. Бірақ «арабтар сияқты болып алыңыздар» деп айтқым келеді. Тазалықты, имандылықты, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты арабтардан үйренуге болады. Жасым қазір 30-ға келді. Бұрын ата-анам «тек қана қазақ болсын» дейтін, қазір «мұсылман болса жеткілікті» дейді. Сондықтан шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу мүмкіндігі болса, «жоқ» демейтін шығармын, деді Нұршат.

Ал Ақгүл есімді бойжеткен қатарлықтарға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының бар екенін алға тартты.

Қыздарға айтатыным, Қатарға келіңіздер. Күйеу іздеп жүрсеңіздер, бір әйелге төрт еркектен келеді. «Шейхқа тұрмысқа шығуға бола ма?» деп сұрайды. Әрине, бәрі мүмкін. Тағдыр ғой, кім біледі. Қатарға тұрмысқа шыққан қыздар көп, деді Ақгүл.

Бұдан бөлек, ол жақтағы жалақы, еңбектің бағалануы туралы әңгіме өрбітті.

Бұл жерде жалақы жақсы. Ұшақ билеттерін, тамақтануыңызды қамтамасыз етіп береді, жататын жеріңіз бар. Бұл жаққа жұмысқа келетін болсаңыз, өзіңізді сатуыңыз керек. Сондықтан бастапқыда жалақыны көп сұрау керек. Алайда қанша жылға келісімшартқа отырсаңыз, сонша жыл жұмыс істеуге міндеттісіз. Жалақылар 500 мың теңгеден басталады. Ал пилоттар тіпті 5 млн теңгеге дейін жалақы алады, деді Қатарда жүрген қазақ қызы.

Фото: youtube.com/@jalgyzjolaushy

Байланысты жаналықтар

«Болашақ жарыма түсіндіріп айттым»: Нұрлан Еспановтың ұлы даулы мәселеге нүкте қойды

15.04.2025

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

11.04.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісімен көзге түсті

02.04.2025

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

23.03.2025

«Ерке Есмахан қуанған шығар»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасалды

04.03.2025

«Іздейтін байы жоқ па»: Анна Данченко жеке өміріне қатысты жауап берді

04.03.2025
MalimBlocks
«Болашақ жарыма түсіндіріп айттым»: Нұрлан Еспановтың ұлы даулы мәселеге нүкте қойды

Ол кінәлі адамды іздеп тапқан.

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

Өнер иесін туыстары құттықтап жатқан көрінеді.

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісімен көзге түсті

Ол бейтаныс бойжеткенмен қол ұстасып тұрған.

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен үйлену мерзімі туралы ой бөлісті

«Ерке Есмахан қуанған шығар»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасалды

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Іздейтін байы жоқ па»: Анна Данченко жеке өміріне қатысты жауап берді

Оқырмандардың бірі ауыр сөздер жазған.