Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

Арман Қайыпхан

  • 19.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет белгілі болды. Атап айтқанда, бұл қылмыстық істің бас прокуратураға қашан берілгені анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 186-бабы тәртібімен 7 желтоқсанда бас прокуратураның қарауына берілді. Сондықтан біз тергеудің өзіне түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, біз тек іздеу шараларына жауапты екенімізді айтқым келеді. Яғни, бұл тұлғаны іздестіру бойынша жедел шараларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады. Іздестіру жалғасып жатыр, өкінішке қарай, бұл туралы ақпаратты жариялап, тарата алмаймын. Себебі бұл күдіктінің жасырынуына әсер етуі мүмкін», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров сәрсенбі күні.

Еске салайық, 3 наурызда Арғын Нығматулиннің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет желісі бойынша прокуратура тарапынан іздеуге жарияланғанын хабарлаған болатын.

Кейінірек Бас прокуратура Нығматулиннің іздеуге жарияланғанын растады, сондай-ақ оның мемлекеттік қаражатты жымқыру бойынша күдікке ілінгенін нақтылады.

Фото: saryarka-hc.kz

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады