Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

Қоғам
Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

Атырау облысы Сарайшық ауылында тасқын су зират аумағына кіре бастаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір мұнда жанама бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөнінде облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабынан мәлім етті.

Сарайшық ауылында тасқын судың қатты ағыспен келуі салдарынан елді мекеннен екі шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді. Айта кету керек, тасқын су зират сыртынан салынған қоршаудан өтіп кеткен. Сондықтан қоршауды қосымша бекіту жұмыстары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Жедел штаб өкілдерінің мәліметінше, оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы жұмыс істеп жатыр. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет тұрғызуға 50 адам тартылған. 

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу