«Ауылды төңкеріп тастады». Ақтөбе облысындағы дүлей дауыл жайлы куәгерлер айтып берді

Көсембай ауылы қатты бүлінген

Мәди Саматұлы

  • 11.08.2024

Дауыл Ақтөбе облысы ауылындағы 35 үйді шатырсыз қалдырды. «Мой город» жазуынша, желдің күші соншалық, ол электр желілерінің тіректерін, қоршауларды құлатып, үйлер мен үй ғимараттарының шатырларын жұлып алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ойыл ауданының Көсембай ауылына қатты жел 9 тамызда сағат кешкі 21:30 шамасында соққан. Дауылдың күші соншалық, ол электр желілерінің бағандарының тіректерін, қоршауларды құлатып, үйлер мен үй ғимараттарының шатырларын жұлып әкеткен.

«Ауылды төңкеріп тастады» деуге болады. Сиырлар мөңіреп, қойлар қатты маңырап, малдың бәрі далаға кетті. Ауылда бағаналар құлады, бүкіл жер қараңғы. Әйтеуір, адамдар аман. Жел басылғаннан кейін ер адамдар көшеге шығып, құлаған шатырларды көтеріп, астында қалған малды құтқарды, дейді тұрғындар.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, Қайыңды ауылдық округінің Көсембай ауылындағы қатты желдің салдарынан 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданған. Қалғандары – сарайлар мен ферма ғимараттары. Ауылда барлығы 74 үй, 380 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары өрт құтқарушылармен бірге құлаған ағаштарды, шатырларды жиыстырып жатыр.

Ауылда 9 баған тірегі құлаған. Оның жетеуі қалпына келтірілген. Қазір оқиға орнында «Энергожүйе» бригадалары, 5 арнайы техника, 15 қызметкер жұмылдырылған. Барлық тірек қалпына келтірілгеннен кейін олар ауылға электр қуатын бермек. Келтірілген залал әлі есептелмеген.

Айта кетейік, Көсембай ауылы Ойыл ауданы орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Фото: mgorod.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

29.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды