Биыл Астанада Жеңіс күніне орай әскери шеру өтеді

Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алмақ

Мәди Саматұлы

  • 03.01.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында биыл Жеңісті мерекелеуге арналған жоспарда көптеген іс-шара қамтылғанын, оның ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазақстандықтар нацизмді талқандауға елеулі үлес қосты. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз барлық майданда жанқияр­лықпен соғысты. Оның үстіне, Қазақстан әскерді қару-жарақпен, өнеркәсіп өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарған сенімді тыл болды.

Мен Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында Жеңістің мерейлі белесін атап өтуге дайындалу қажеттігін айттым. Сол кезде жариялаған бастамаларым қазірдің өзінде жүзеге асты. Мысалы, «Айбын» орденінің үш дәрежесі әйгілі батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталатын болды. Қазақстанның әуе қорғанысы күштерінің 604-ші әуе базасына әйгілі ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімі берілді. Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың өшпес ерлігін міндетті түрде жадымызда жаңғыртамыз, дейді президент.

Оның сөзінше, жеңісті мерекелеуге арналған жоспарда көптеген іс-шара қамтылған. Оның ең бастысы – Астанада өтетін әскери шеру. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіледі, ешкім де елеусіз қалмайды. Концерттер мен көрмелер өтеді, деректі фильмдер мен бағдарламалар түсіріледі, тарихи кітаптар мен фотоальбомдар шығарылады. Жауынгерлеріміздің есімін ел жадында сақтау үшін зерттеу жұмыс­тары жалғаса береді. Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы салтанатты іс-шаралар тізіміне кіреді.

Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде-бір азаматын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз, дейді Тоқаев.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Тоқаев көлік министрін қабылдады

10.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

10.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Тоқаев көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді