БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

Бұл іс-шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етпек.

Берік Дәулетов

  • 12.07.2024

Облыс тұрғындары сенбіліктер ұйымдастырып, жоғары белсенділік танытты. Осылайша, 12 шілдеде «Таза Қазақстан» акциясы және "Игі істер" марафоны Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында және Орал қаласында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Болатбек Сахиев, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты-қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару және жастарды экологиялық бастамаларға тарту. Біз қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге тырысамыз. Орал қаласында біз саябақтар мен Жайық өзенінің жағалауын тазалауды, ағаш отырғызуды ұйымдастырдық, ақпараттық стендтер орнатып, қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сыныптарын өткіздік. Студенттерді, мектеп оқушыларын және қала тұрғындарын қосқанда 200-ден астам адам қатысты. Болашақта осындай акцияларды тұрақты өткізуді, іс-шаралар географиясын кеңейтуді, көбірек қатысушыларды тартуды және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламаларымен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.

Ербол Балгерейұлы, Бөрлі ауданы ҮЕҰ төрағасы:

- Біз табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындарды белсенді экологиялық әрекеттерге тартып отырмыз. Бөрлі ауданының Ақсай қаласында қоғамдық орындарды жинауды, ағаш отырғызуды, қоқысты бөлек жинауға арналған урналар орнатуды және экологияны сақтау туралы семинарлар ұйымдастырдық. Іс-шараларға 200-ге жуық адам, оның ішінде еріктілер, мектеп оқушылары, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ұйымдастырылған санитарлық жұмыстарға 131 мыңнан астам тұрғын, 3 мыңнан астам мекемелер мен кәсіпорындар, 74 мыңға жуық жеке аулалар қатысты. 231 саябақ пен сквердің аумағы тазаланды, 48 мыңнан астам түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. 1221 әлеуметтік нысан мен 525 тарихи-мәдени ескерткіштер аумағында тазалау жұмыстары жүргізілді. Экологиялық айлыққа 1197 бірлік техника жұмылдырылып, 49 307 тонна қоқыс шығарылды.

Шілде айының соңында "Таза жағалау" акциясын өткізу жоспарлануда, оның мақсаты өзендер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазарту болып табылады. Бұл бастама су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су объектілерінің тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмауға бағытталған. Тамыз айында ауылдық елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған "Таза ауыл" акциясы өтеді. Осы акция шеңберінде ауылдарда жаппай тазалау, сондай-ақ ауылдық аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

Қыркүйек айында қалалар мен ауылдардағы аула аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған "Таза ауыл" акциясы өтеді. Осы акция аясында тұрғындар қоқыстарды тазартуға, ағаштар мен бұталарды отырғызуға, сондай-ақ ең жақсы аула конкурстарына қатысуға шақырылады.

Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен өзендер мен аумақтарды тазарту жоспарлануда. Бұл іс-шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етпек.

Фото: БҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

06.01.2025

Оралда ауладағы шыршаны ұрлаған адам қолға түсті

28.12.2024

Алматыда көше тазалаудың жаңа жүйесі қолданылмақ

03.12.2024

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

30.11.2024

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

28.11.2024
MalimBlocks
Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

Мамандар сақтық шараларын ұстануды сұрайды

Оралда ауладағы шыршаны ұрлаған адам қолға түсті

Оның әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған

Алматыда көше тазалаудың жаңа жүйесі қолданылмақ

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар курстастарын бопсалады деп күдікке ілінген

БҚО-да жиналған шөп өртеніп, 14 бас мал қырылды

37 тонна шөп жанып кете жаздады