Еңбек мигранттарының көбі елімізге Қытайдан келеді

Олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ын құрап отыр.

Берік Дәулетов

  • 25.07.2024

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Олардың көбі Қытайдан келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әкімдіктердің рұқсатымен елімізде 14 мың 49 шетелдік еңбек етеді.

Шетелдік басшылар мен олардың орынбасарларын жұмысқа тартуға рұқсат 576 адамға, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 мың 598 адамға рұқсат берілсе, үшінші және төртінші санаттағы мамандар мен білікті жұмысшылаға тиісінше 5 мың 353 адамға және 473 адамға рұқсат берілген. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 мың 899 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 мың 150 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды пайдаланатын 1 мың 796 жұмыс беруші бар. Оларда 436,1 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді.

Олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ын құрап отыр.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 397 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 897 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 592, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 293 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам.

Сонымен бірге еңбек мигранттары келетін негізгі елдер аталды. Олар: Қытай – 4 123 адам, Өзбекстан – 1 968 адам, Түркия – 1 152 адам, Үндістан – 1 114 адам.

Айта кетсек, биыл шетель азаматтарына 22 мың квота белгіленді.

Фото: Sputnik

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек