«Концерттен жылап қайттым». Танымал ақын Тұрсынбек Қабатовтың мазақ қылғанына қапаланып, көңілі қалған

Ершат Қайболдин өзін мазақ еткен Қабатовқа ренішін өлеңмен жеткізген.

Сабина Асқарқызы

  • 14.06.2024

Бірнеше хит әнге сөз жазған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген сәті туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақынды әнші Ғазизхан Шекербеков ән кешіне шақырып, сахнада өлең оқыған. Сол сәтте кеш жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өлең оқып тұрған ақынның артынан «пародия» жасаған. Ақын Қабатовтың әрекетінен қатты көңілі қалғанын жасырмады.

Еркектікке жатпайды. Артыңнан күліп тұрғаны мұсылмандыққа да жатпайды, жігіттікке де жатпайды. Сол бағдарламаға шыққан кезде Тұрсынбектің осылай істегенін білген жоқпын. Кейін теледидардан көрдім. Жершілдікке бөлінгенім емес. Екеуміз де батыстанбыз, ағам ғой.  Менің абыройымды көтеру үшін істемегені анық. Мысалы, Уәлибек ағамыз сахнаға әнші Заттыбекті шығарады, хит қылады, Қайрат Нұртасты шығарады, хит қылады. Әдемі жарнамасын жасайды, мақтауын келістіріп, лайықты таныстырады. Өзі секілді артынан келе жатқан, қой бағып өскен інісіміз ғой. Сөйтіп, біздің де жұлдымызды жағып жібере ме деп едім. Мен өзім көңілшек адаммын. Мұқағалидың «Жылап қайттым өмірдің базарынан» деп айтатыны секілді Ғазизханның концертінен жылап қайттым десем болады. Содан кейін бір өлең жаздым, - дейді ақын Ершат Қайболдин.

Ақын оқиғадан кейін өкпе-ренішін өлеңмен шығарған:

Арамдығын кешірдім арамзаның,

Дос түгіл дұшпаныма адал жаным.

Жақсы жағын сүйемін мен бәрінің,

Бірақ өсек қылмаймын жаман жағын.

Адам неге адамды алалайды?

Жүрексіздер жүректі жаралайды!

Алдыма түсуді ойлап жүрген жандар,

"Артына" неге бір рет қарамайды?

Сорлы бола қоймаспын бұйырса бақ,

Былтырғыдан аламын биыл сабақ.

Тиын құрлы көрмейді кейбіреулер,

Жүрсем егер қиналып тиын санап.

Тасадан тас лақтырып жүргендерге,

Қастық қылу деген жоқ мүлдем менде.

Алтыннан қымбат болып көрінемін,

Алтынның тас екенін білгендерге.

Жақсыларды жүрсеңдер жамандамай,

Өмір сүрер едік қой алаңдамай.

Қадірі бар адамды ит қылатын,

Ит құрлы қадірі жоқ адамдар-ай...

Мен біреуге ренжісем, ешқашан оның  бетіне барып айта алмаймын.Мен оны бәрібір кешірем. Бәрібір кешіретін болған соң ренжітіп қайтем деп ойлаймын. Одан да өлеңмен бәрін шығарып тастаймын, - дейді ақын.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген