Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Арман Қайыпхан

  • 09.04.2025

Алматыда күзетшіні көлігімен үш рет басып өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz Алматы соттарына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс 2 эпизод бойынша жабық сот отырысында қаралды.

1-ші эпизод: 2023 жылдың қыркүйегінде сотталушы құрбысының қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтінін біліп, кек алу мақсатында «W» желісі арқылы оның таныстарына онымен бірге түскен фотосуреттері мен видеоларды жолдаған.  

2-ші эпизод: 2024 жылдың наурыз айында түнгі уақытта сотталушы мас күйінде жәбірленушімен жанжалдасып арты төбелеске ұласқан. Жәбірленушімен соққылар алмасып, сотталушы өз көлігіне отырып, тұраққа шығатын жерге қарай бет алған, сол жерде жәбірленуші сотталушының тұрақтан шығуына жол бермей, қақпа мен шлагбаумды жауып тастаған. Сотталушы қақпаны, шлагбаумды және бағананы қағып, артында тұрған жәбірленушіні құлатқан. Ол тоқтамай, көлігімен жерде жатқан жәбірленушінің үстінен өткен. Одан кейін көліктен түсіп, жатқан күзетшіні бірнеше рет ұрып-соғып, содан кейін көлігіне отырып кетіп қалған.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сотталушы өзінің құрбысының жеке өмірі туралы ақпаратты таратқанын мойындамады, жәбірленушінің өлімінде кінәсін ішінара мойындады - ол оның өлімін қаламағанын айтты.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған үкім шығарды:

ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша – 19 жыл бас бостандығынан айыру;

ҚК-нің 147-бабының 5-бөлігі бойынша – 4 жыл бас бостандығынан айыру.

Үкімдерді ішінара қосу арқылы түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Кісі өлтіру үшін моральдық шығынды өтеу үшін 20 миллион теңге, ал жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін 4 миллион теңге өндірілді.
Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

22.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті