Олжас Бектенов министрлер кабинетіне бірқатар тапсырма жүктеді

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтауға тиіс

Malim Админ

  • 24.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс, төтенше жағдайлар, көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, оқу-ағарту министрліктерінің басшылары халықты қолдау шаралары мен қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. 

Олжас Бектенов өңір әкімдіктері мен мүдделі мемлекеттік органдар инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтауды тапсырды.

Атап айтқанда:

Су ресурстары министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен салуды белгіленген мерзімде аяқтасын.

Цифрлық даму министрлігі 2025 жылғы ақпан айының соңына дейін министрліктер мен әкімдіктердегі мамандарды оқыта отырып, «Су тасқындарын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесін ендіруді қамтамасыз етуге тиіс.

 Төтенше жағдайлар және Экология министрліктері 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін осы жүйені қажетті деректермен толықтыруды қамтамасыз етсін.

Өңір әкімдері биыл күздің соңына дейін елді мекендер айналасында топырақ үю, құбырлар мен арықтарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды тексеру және су жіберу каналдарын дайындау жұмыстарын жүргізу қажет.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

29.04.2025
MalimBlocks