Қазақстанда сейсмологияны дамытудың 4 жылға арналған жоспары қабылданды

15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленеді

Сабина Асқарқызы

  • 05.07.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және тағы басқа  бар.

Осылайша, 15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленетін болады, бұл еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі жер сілкінісі ошақтарының 70%-ын болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар аталған аумақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауға және жаңа құрылыс нормаларын әзірлеуге негіз болады.

Паспорттау ең осал құрылыс объектілерін анықтауға мүмкіндік береді, оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіптілігін төмендету шаралары қолданылады. Оның ішінде: сейсмикалық күшейту, құнды жабдықтарды қорғау немесе шығару, мақсатын өзгерту және басқалары бар.

Сонымен қатар 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Бұл Алматы облысында және еліміздің басқа да сейсмоқауіпті өңірлерінде сейсмикалық қауіпті сапалы болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қажетті әрекет ету шаралары жедел қабылданатын болады.

Бұдан басқа, ғимараттардың құрылысы мен жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, мониторинг әдістерін жақсарту, сейсмология саласындағы мамандарды заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде сейсмикалық қауіпті аумақтардағы азаматтардың, құрылыстар мен инфрақұрылымның қорғалу деңгейі айтарлықтай күшеюі тиіс. Сондай-ақ жер сілкінісі болған кезде мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар тарапынан ден қою жүйесі жетілдірілетін болады.

Фото: © Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді