Қазақтанда зейнетақының орташа мөлшері қандай?

1 наурыздағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

Malim Админ

  • 26.03.2024

1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ал жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд  теңге жұмсалған.

Министрліктің мәліметінше, 1 наурыздағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлдем болмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді, - деп жазды министрлік.

 

ФОТО: pixabay

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда зейнетке 50 жаста шығуға болады

04.11.2024

Ақмола облысында үш зейнеткер 6 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойған

26.10.2024

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

18.07.2024

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануда өзгерістер енгізілді

16.07.2024

Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме

26.06.2024

Қазақстанда 945 752 теңге зейнетақы алатын адам тұрады

24.06.2024
MalimBlocks
Қазақстанда зейнетке 50 жаста шығуға болады

Ақмола облысында үш зейнеткер 6 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойған

Полиция дропперлерді дереу ұстаған

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануда өзгерістер енгізілді

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді

Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме

Ұлттық банк ұсынған ресми инфляцияның мөлшері сол деңгейде қалып отыр.

Қазақстанда 945 752 теңге зейнетақы алатын адам тұрады

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін мамыр айында да айтқан.