Қоспаев қылмыстық тобы Алматыдағы базарды шетелге сатып жібермек болған

Арман Қайыпхан

  • 12.12.2024

ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Еске салсақ, бұған дейін Агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев "Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.

Алайда, биыл қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған.

Биыл 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды