Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

Қоғам
Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

Соған орай, 6-сәуірде қала тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру қолға алынған. Бұл туралы жергілікті «Қостанай таңы» сайты жазды.
Бұған дейін «Қазгидромет» көктемде Қостанай маңындағы Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймаларына шамамен 450-700 миллион текше метр су жиналады деп болжаған. Алайда, соңғы екі күннің ішінде қоймаларға 1 миллиард текше метр жиналған. Мамандар мұндай көп су соңғы рет 1980-жылы ғана болғанын айтады.
Қаратомар су қоймасынан артық суды ағызу салдарынан Қостанай қаласының «Дорожник», «Садовод», «Мичуринец» және «Колесные ряды» бай-бақша аумақтары мен аудандарына қауіп төнген. 

 

Фото: Интернеттен
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу