freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Білмей жүр екенбіз: Қазақстанда қанша жылыжай бар?

Экономика
Білмей жүр екенбіз: Қазақстанда қанша жылыжай бар?
https://bayserkeagro.kz/

Қазақстанда 2 мыңнан астам жылыжай барын көпшілік біле бермейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтарда елде 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10%-ға көп.

Жылыжайлардың басым бөлігі шағын: 90,9%-ының аумағы 10 мың шаршы метрге дейін. 8,1%-ы - 10 001-50 000 шаршы метр аралығында, ал 1%-ының аумағы 50 мың шаршы метрден асады. Яғни, елде мұндай ірі жылыжай - шамамен 23.

Жылыжайлардың 93,1%-ы көкөніс өсіруге арналған. Олардың ең көбі Түркістан облысында - елдегі жылыжайлардың 62,4%-ы осы өңірде орналасқан. Түркістан жылыжайларында елімізде жиналған өнімнің де 49,2%-ы өндіріледі.
2025 жылы Қазақстандағы жылыжайлардан 168,7 мың тонна көкөніс жиналған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға көп. Негізгі өнімдер - қызанақ пен қияр. Бұдан бөлек, кейбір жылыжайларда банан, лимон, құлпынай, көкжидек және қауын да өсіріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу