Шаңды дауыл, тұман. Бүгін күн райы қалай болады?

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады

Malim Админ

  • 30.09.2024

«Қазгидромет»  30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.  
Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.


Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында  оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі бар.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.  30 қыркүйек-1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады.

Фото: kun.uz  

Байланысты жаналықтар

Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

31.03.2025

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Демалыста ауа райы қандай болады?

28.03.2025

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

28.03.2025

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа ластанады

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет синоптиктері Астананың және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа ластанады

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты