Семейде офицер букмекерлерге қарызын өтеу үшін әскер мүлкін ломбардқа тапсырған

Нәтижесінде мемлекетке 2 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген

Арман Қайыпхан

  • 09.07.2024

Семей гарнизонының әскери соты әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Офицер өзіне сеніп тапсырылған әскери бөлім мүлкін ломбардқа тапсырып жіберген, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот капитанның штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ұтылғанына байланысты өсіп келе жатқан жеке қарызы жабу үшін әскери бөлімге тиесілі топографиялық аспаптарды ломбардқа салғанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 2 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Сот әскери қызметшіні кінәлі деп тауып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол капитан әскери атағынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушыдан материалдық залал мен мемлекеттік баж өндіріп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау мәселелеріне өзгерістер енгізетін және артық заңнамалық реттеуді алып тастайтын заңға қол қойды.

Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды.

Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген. 

Фото: pexels

Байланысты жаналықтар

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025
MalimBlocks
Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео