Су тасқыны: Бектенов әкімдерге үйлерді қалпына келтіруді тездетуді тапсырды

Ол көптеген өңірде су тасқынымен күресу үшін құм мен саздан үйінділер жасалғанын, топырақ салынған қаптар пайдаланылғанын атап өтті.

Malim Админ

  • 11.06.2024

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан бүлінген үйлерді белгіленген мерзімде әрі сапалы салуды талап етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке орай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімдерді мүлдем бұзуға болмайды. Бірақ тек мерзім емес, сапа жағы да өте маңызды. Оған да жіті назар аудару қажет, - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Олжас Бектенов көптеген өңірде су тасқынымен күресу үшін құм мен саздан үйінділер жасалғанын, топырақ салынған қаптар пайдаланылғанын атап өтті.

Ендігі кезекте әкімдіктер бәрін өркениетті түрге келтіру керек. Экологияға зиян келтірмес үшін барлық қапшықты алып тастап, кәдеге жарату қажет, - деді Премьер-министр.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025
MalimBlocks