Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Сабина Асқарқызы

  • 13.04.2025

13 сәуір күні сағат 09:23-те (Астана уақытымен) Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  Malim.kz.

Жер сілкінісін Түркістан мен Жамбыл облысының және Шымкент тұрғындары сезді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара, Ленгер, Сайрам, Шымкент, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Арыс, Темірлан, Тараз, Сарыкемер, Аса елді мекендерінде жер асты дүмпуі 3 балл болып сезілген.

Ал Құлан, Меркі, Қаратау, Шаян, Шәуілдір, Жаңатас, Түркістан, Қордай, Кентау, Шолаққорған, Шорнақ, Шу, Төле би, Мойынқұм және Жаңақорған қалаларында 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Эпицентрдің координаттары: 39.020º с.е., 71.129º ш.б. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 15 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 14.4, MPV магнитудасы — 6.4. Жер сілкінісінің сезілуі MSK-64 шкаласы бойынша тіркелді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жерасты дүмпуі Өзбекстанның бірнеше облысында да сезілген.

 Фото: Petrovich9/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

13.04.2025

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

10.04.2025

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

09.04.2025

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

09.04.2025
MalimBlocks
Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады

Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді