Шымкенттегі кәрістер қауымдастығына 35 жыл!

Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының бірқатар белсенді мүшелеріне Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды

Malim Админ

  • 20.10.2024

«Достық» үйінде Шымкент қаласының кәрістер қауымдастығына 35 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Іс-шара Шымкент қаласындағы корейлер туралы мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер көрмесінен басталып, «Шымкент және Түркістан өлкесінің корейлері бұрынғы және қазіргі уақытта» кітабының тұсаукесері және кәріс  шығармашылық ұжымының концертімен жалғасын тапты.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жайықбайұлы Махан, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Юрий Германович Шин және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Елшілігі, қала тұрғындары, жалпы 800 адам қатысты. «Достық үйінің» 1-қабатында корейлердің Қазақстанға қоныс аударуынан сыр тартатын тарихи фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттардан жасақталған  көрме жиналған көпшіліктің назарына ұсынылды.

Корейлер қауымдастығын мерейлі мерекемен құттықтаған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Қазақстандық корейлердің еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұғырлы татулық жолын жалғап жүргенін тілге тиек етті.

– Осыдан 35 жыл бұрын республикада алғашқылардың бірі болып Шымкентте корей этномәдени орталығы өз жұмысын бастаған болатын.

Үш онжылдықта орталық белді қауымдастыққа айналып, бүгінде еліміздегі түрлі байыпты бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп, қазақстандық патриотизмді дамыту, ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы сындарлы саясаттың іске асуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Ғ.Махан.

Мерекелік іс-шара кезінде Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының бірқатар белсенді мүшелеріне Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

35 жылдық қарсаңында арнайы дайындалған кітаптың тұсауы кесілді. Қалалық корейлер қауымдастығының төрағасы Ю.Панның айтуынша, Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен әзірленген кітапта Қазақстандық корейлердің тарихы мен олардың осында өсіп-өркендеуіне ерекше назар аударылған.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында 7 мыңнан астам корейлер тұрады. Қалалық ҚХА жанында әрекет ететін корей этномәдени бірлестігі корей этносының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу және жас буынды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу ісіне атсалысып, үнемі ел игілігіне бағытталған игі бастамаларға сүбелі үлес қосып келеді.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

23.03.2025

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

22.03.2025

Шымкентте ер адам әйеліне укол саламын деп өлтіріп алған

20.03.2025

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

20.03.2025

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

17.03.2025

Қазақстанның ең сұлу волейболшысы күйеуімен ажырасып кетті

13.03.2025
MalimBlocks
Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап, көше аралаған. Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

Шымкентте ер адам әйеліне укол саламын деп өлтіріп алған

Ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға пәтер сыйланды

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

Қазақстанның ең сұлу волейболшысы күйеуімен ажырасып кетті

Сабина Алтынбекова 2020 жылдың соңында тұрмысқа шыққан