Танымал актер Тоқаев, Назарбаев және Путиннен кешірім сұрады

Шоумен президенттерді сынағаны үшін айыптымын деп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 18.07.2024

Танымал актер, продюсер Нұртас Адамбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер кешірім сұрауды Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан бастады.

«Өз ақымақтығыммен сізді айыптағаным үшін кешірім сұраймын. Елді жақсартуға деген талпынысыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деп жазды шоумен.

Содан кейін президенттерді сынағаны үшін кешірім сұрады.

“Ақымақ болып, сіздердің жүргізіп отырған саясаттарыңызды сынаппын. Еліміздің болашағы үшін еңбек етіп жатсыздар! Владимир Путин, сіздің саясатыңызды сөз еттім. Мені кешіріңіз. Отбасылық құндылықты сақтап, пропаганданың жолын жаптыңыз. Александр Лукашенко Беларусь халқы үшін аянбай тер төктіңіз және қызмет етіп жатырсыз. Әлеуметтік желіде сіз туралы артық нәрсе жазсам, мені кешіріңіз”, – деп жазды актер. 

Шоумен әлеуметтік желіде жанжалдасқан желі қолданушыларынан да кешірім сұрап үлгерді.

"Мен желіде сөз таластырып, санасып, сынап, жамандық тілеген желі қолданушылардан да кешірім сұраймын. Осы өмірде кіммен арада келіспеушілік болса, солардың барлығынан кешірім сұраймын. Сіздерді сынап, сіздерге қатысты жағымсыз ойларым болғаны үшін кешіріңіздерші. Бұның барлығы ақымақтықпен істелді", – деп жазды Нұртас Адамбай. 

Фото: Әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз