«Төрт әйелі мен зәулім сарай иесі»: Имамға жала жапқан таксиші жазаланды

Ол 707 760 теңге айыппұл төлейтін болды

Сабина Асқарқызы

  • 07.02.2025

Астана қаласының соты әлеуметтік желіде имамға жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.
Сот құқық бұзушының әлеуметтік желілерге зәулім үй көрсетілген бейнеролик жариялап, ол зәулім үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражаттарына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтып, сол арқылы әлеуметтік желілерде ар-намыс пен қадір-қасиетке және басқа адамның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқанын анықтады.
Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді, бейнероликті тек көру үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді.
Кінәлі әлеуметтік желілерде жәбірленушінің абыройы мен қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқандықтан, сотта жәбірленуші оны заң бойынша жазалауды сұрады.
Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және жәбірленушінің арызымен расталды.

ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігінің санкциясы 180 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді. Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.  Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Байланысты жаналықтар

Астана әкімдігі Әділбек Жақсыбековпен қатысы бар автортұрақ компаниясымен жасалған келісімді қайта қарастырып жатыр

17.02.2025

Костенко шахтасындағы апат: 46 кеншінің ісі сотқа жетті

17.02.2025

Өзбекстанда сотталушылар арасында кітап оқығандардың жазасы жеңілдейді

15.02.2025

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар нысанды аралады

14.02.2025

Атбасар түрмесінде Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты

13.02.2025

«Мені өлтірді...»: Лифтідегі бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады

12.02.2025
MalimBlocks
Астана әкімдігі Әділбек Жақсыбековпен қатысы бар автортұрақ компаниясымен жасалған келісімді қайта қарастырып жатыр

Костенко шахтасындағы апат: 46 кеншінің ісі сотқа жетті

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды

Өзбекстанда сотталушылар арасында кітап оқығандардың жазасы жеңілдейді

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар нысанды аралады

Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан

Атбасар түрмесінде Тимур Данебаевты азаптаған 12 қызметкер сотта ақталып шықты

«Мені өлтірді...»: Лифтідегі бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады