ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Мәди Саматұлы

  • 19.05.2024

Петропавл қаласында қалған су басқан 29 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 153 320 текше метр су сорылды. Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарынан қосымша жұмылдырылған құтқарушылар тұрақты жұмыс орындарына кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, өткен тәулікте Атырау облысында су басқан аумақтардан 66 770 текше метр су сорылды, 10 200 қап төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне тәулік бойы мониторинг, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында құтқарушылар бөгеттерді нығайту үстінде. Өткен тәулікте 2 900 қапшық пен 1 570 тонна инертті материал төселді.

Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялау шаралары жүре береді. Соңғы алты күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Ольшанка, Соколовка, Вишневка, Бескөл, Прибрежное ауылдарында 307 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 165 мың шаршы метр аумақтарда дезинфекциялау жүргізді.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 348 адам өз үйлеріне оралса, 5 460 адам уақытша орналасу пункттерінде қалып отыр. 22,4 млн текше метр артық еріген қар суы сорылып, 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 6 086 адам, 945 техника, 344 су сору құралы және 63 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді