Ұлттық қордан жұмсалған қаражат тексеріледі

Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу жөніндегі Комиссия жұмысын қайта бастады.
2014 жылы құрылғаннан бастап ол Ұлттық Банктің қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап Комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғасады. Ұзақ үзілістен кейін биыл 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада Комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін атап өтті.
Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет, - деді Әлихан Смайылов.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына байланысты да жұртшылықтың Ұлттық қорды ұтымды пайдалануға назары күшеюде.
Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауы тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды, - дейді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.
Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атады:
- Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу;
- Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару жөнінде ұсыныстар беру.
Фото: аудиторлық палата