freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оқушылар мектепте карта ойнаған: Түркістан облысында директор мен мұғалімдер жұмыстан босатылды

Құқық
Оқушылар мектепте карта ойнаған: Түркістан облысында директор мен мұғалімдер жұмыстан босатылды
Видеодан кадр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың сынып бөлмесінде карта ойнап отырған сәті әлеуметтік желіде тарап кеткен

Түркістан облысы Білім басқармасының хабарлауынша, аталған жағдай Сарыағаш ауданы №38 М. Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектепте болған.

Ведомство мәліметінше, келеңсіз жағдайды ең алдымен Білім басқармасының өзі анықтаған. Оқиға туралы ақпарат түскен бойда басқарма тарапынан арнайы топ құрылып, мектептегі жағдай жедел әрі толық тексерілген.

Зерделеу нәтижесінде білім беру процесіне қойылатын талаптардың сақталмауына және білім беру стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталған.

– Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданады. Қазіргі таңда аталған мектептің директоры мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі өз өтініші негізінде жұмыстан кетті. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық міндетінен босатылды, – делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Әкімшілік құрамның басқа да мүшелері, атап айтқанда директордың екінші тәрбие жөніндегі, бейіндік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталғаннан кейін жұмысқа шыққан күні лауазымдық міндеттен босатылатыны белгілі болды.

Бұған дейін Түркияда жасөспірім мектепте тапаншамен 16 адамды жаралағанын жазғанбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу