Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Оқиға
Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Оралда полицейлер студентті қорқытып, телефон арқылы ақша аудартқан 21 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті студентті қорқытып, оған мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары қылмыс жасаған ер адамды ізін суытпай ұстаған.

"Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам бұған дейін де түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған", – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу