freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ормуз бұғазында БАӘ-нің екі мұнай кемесіне шабуыл жасалды

Әлем
Ормуз бұғазында БАӘ-нің екі мұнай кемесіне шабуыл жасалды
https://inbusiness.kz/

Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан Абу-Даби ұлттық мұнай компаниясына (ADNOC) тиесілі екі кеме шабуылға ұшырады. Оқиға 13 тамыз кешке болған.
Бұл туралы Reuters агенттігі ADNOC пен Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми мәліметтеріне сүйеніп хабарлады.

ADNOC кемелерге жасалған шабуылдан кейін жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Кемелердің атауы, тасымалдаған жүгі және қандай деңгейде зақым келгені әзірге жарияланбады.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі шабуыл үшін Иранды айыптады. Ведомствоның ұстанымына қарағанда, Иран Ислам революциясы сақшылар корпусын коммерциялық кемелерге шабуыл жасап, Ормуз бұғазын экономикалық қысым құралы ретінде пайдалануда.
Иран Сыртқы істер министрлігі немесе Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл айыптауға әзірге түсініктеме берген жоқ.
Reuters-тің мәліметі бойынша, бұл - соңғы бір аптаға жетпейтін уақыттағы ADNOC кемелеріне қатысты екінші осындай оқиға. 8 тамызда БАӘ Иранды ADNOC-пен байланысты тағы бір кемеге шабуыл жасады деп айыптаған.
Ормуз бұғазы – әлемдегі ең маңызды мұнай тасымалдау бағыттарының бірі. Қақтығыс басталғанға дейін әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ саудасының шамамен бестен бірі осы тар су жолы арқылы өтетін.
Шабуылдар аясында бұғаздағы кеме қозғалысы да айтарлықтай төмендеген. Жалпы, 13 тамызда Ормуз арқылы бар болғаны тоғыз жүк кемесі өткен. Бұл тамыз айындағы тәуліктік орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу