Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді

Қоғам
Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді

Бейсенбі күні таңертең Ресейдің Орынбор облысы Орынбор ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін Жайықтың Ресей бөлігінде бөгет бұзылып, тұрғындарды эвакуациялау басталғаны туралы хабарланған болатын. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен РФ Төтенше жағдайлар министрлігіндегі әріптестерімен тікелей байланыста болып, жағдайды қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Орынбор облысында көктемгі су тасқыны жағдайы 100 жылда бір рет болады. Орск қаласында өткен төтенше жағдай комиссиясының отырысында ресейлік арнайы қызмет мамандары осындай қорытындыға келді.

Еске салсақ, Жайық өзенінің Ресейдегі су деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған болатынбыз. 

Фото: t.me/vnkozupitsa

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу