Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Отандық құс етінен бактерия шығуына түсініктеме берілді

Экономика
Отандық құс етінен бактерия шығуына түсініктеме берілді

Қазақстаннан Ресейге әкелінетін құс етінде листерия бактериясы анықталғаны туралы жағдайға қатысты еліміздің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

29 қаңтарда Россельхознадзор Макинская құс фабрикасына қатысты зертханалық бақылауды күшейту туралы ақпарат жариялады. Бұл шара құс өнімдерінде листерия бактериясы анықталғаннан кейін қолға алынған.

Ескертетін жайт, зертханалық бақылауды күшейту аясында аталған кәсіпорында өндірілген өнімдер ЕАЭО елдері арасындағы шекарадан өтсе де әрбір партия міндетті түрде зертханалық тексеруден өтеді.

Қазір Ветеринариялық бақылау комитеті Россельхознадзордан зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат алған жоқ. ЕАЭО №94 қаулысына сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тарапқа 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті, деп жазылған хабарламада.

Осы жағдайдың себептерін анықтау мақсатында Ақмола облысының аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, өнімнің сынамасын алып зертханалық зерттеулер өткізеді.

Фото: Freepik 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу