Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

Әлем
Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

Канада астанасы Оттавада бір ер адам парламент ғимаратына кіріп, іштен бекініп алған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 
Оқиға орнында полиция жұмыс істеді. Ел парламенті алдағы үш аптадан кейін өтетін сайлауға байланысты таратылған. Белгісіз ер адам Канада астанасы Оттавадағы парламент ғимаратында бекініп алғанын полицияның баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

"Шығыс қанат эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", – делінген хабарламада.

Полицияның айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 15:00-де (Астана уақытымен 01:00) басталған. Парламент жанындағы Веллингтон көшесі жабылды. National Post басылымы операцияға ондаған полиция көлігі мен бірнеше арнайы жасақтың тартылғанын жазды.
CBC мәліметінше, парламент мерзімінен бұрын таратылған. Канадада кезектен тыс парламент сайлауы 28 сәуірде өтеді.

Полиция ер адаммен бірнеше сағат бойы сөйлесіп, келіссөз жүргізген. Жағдай ешкімге зиян келмей шешіліп, күдікті қамауға алынды. 

Фото: Blair Gable / Reuters

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу