Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Оқиға
Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. 14 жастағы оқушы бұл туралы мектеп психологына айтып берген, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Зорлау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктіні ұстаған еді. 

NeMolchi қорының мәліметінше, Лисаков қаласының тұрғыны өгей қызын зорлаған. Ер адам қалаға танымал кәсіпкер екені, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін делінген.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу