freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшеді

Экология
Павлодар облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшеді
Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында 1–11 сыныптың бірінші ауысымдағы оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері 19 ақпан, бейсенбі күні қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 18 ақпан, сәрсенбі күні өңірлік білім басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шаралар ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда көктайғаққа байланысты қабылданған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыс орталығындағы тротуарлар мұз айдынына айналған. Қалалық қызметтер көшелерді арнайы техникамен және қолмен мұздан тазалап, көктайғаққа қарсы материал сеуіп жатыр.

Синоптиктердің дерегінше, түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы), боран, көктайғақ күтіледі, өңірдің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы) болжанады.

Күндіз оңтүстікте және шығыста қар, боран, ал оңтүстікте қалың қар жауады деп болжануда.

Солтүстікте тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ауа температурасы түнде және күндіз 8–13 градус аяз, батысы мен солтүстігінде 16 градус аяз.

Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 10–12 градус аяз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу