freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды

Оқиға
Петропавлда оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
pkzsk.info

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 18 жастағы жігіт үшінші қабаттан құлады.

Білім ордасының мәліметінше, оқиға 17 ақпан күні болған. Мектеп оқушысы медициналық мекемеде ем-дом қабылдап жатыр. Оқиғаның себептері анықталу үстінде. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жарақат алған жігіт қазір Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық көмек ауруханасында ем алып жатыр. 

- Тексеру жүргізілгеннен кейін науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Онда жағдайын тұрақтандыруға, асқынулардың алдын алуға және өмірлік маңызды көрсеткіштерін тұрақты бақылауға бағытталған емдік-диагностикалық шаралар кешені жүргізілді. Алдын ала оған «политравма» диагнозы қойылды. Денесінің II бел омыртқасы III дәрежелі жабық компрессиялық сынған. Екі өкше сүйегі ығысусыз жабық сынған.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Ол әрі қарай ем қабылдау және бақылау үшін травматология бөліміне ауыстырылды, - деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу