Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция Шымкенттегі танымал журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Саясат
Полиция Шымкенттегі танымал журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Шымкент қалалық полиция департаменті Qaz365.kz тілшісіне журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Malim.kz.  

Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматша Н. полицияда болды. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілген соң ол үйіне жіберілді. Тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады полиция.

Полиция бұдан өзге ақпараттты қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияға жатпайтынын жеткізді.

Жақында ғана Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы болған журналист Мөлдір Нұрманды полиция ұстағанын хабарлаған едік. Оның үйіне тінту жүргізілген. Бұл туралы редакцияға сенімді ақпарат көздерінен мәлім болды.

Осыдан екі күн бұрын Мөлдір Нұрман әлеуметтік желіде тікелей эфирде сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік мәселелерді көтергені белгілі болған.

Фото: Мөлдір Нұрманның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу