30 жыл. Сингапурмен қарым-қатынастың жаңа дәуірі

Қазақстан делегациясының арнайы сапарында алдағы уақытта президенттің Сингапурге ресми түрде арнайы баратыны айтылды

  • 17.08.2022

 

Сингапур – әлемге аз уақыт ішінде ғаламат экономикалық жетістігімен танымал болған ел. Алғаш құрылған сәтінен бастап, тәртіп пен білімді басты бағыт етіп алған бұл елмен қарым-қатынас жасауға қай ел болсын құлшынып тұратыны сөзсіз. Қазақстан-Сингапур қарым-қатынасы бұрыннан жолға қойылған. Дегенмен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елді жұмыс істегенін ескерсек, бұл қала-мемлекетпен арадағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деп болжап жүргендер де бар.

Сингапурмен қарым-қатынас, алыс-беріс бізге не береді? Әрине, бұл мемлекет бір қалада ғана орналасқан, жер көлемі өте аз мемлекет болғандықтан, бұл ел негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушы ел ретінде танымал. Өзге де өндіріс, шикізат мәселесінде біз сияқты ұлан-ғайыр жері, мұнай қоры, қазба байлығы жетіп-артылатын ел үшін таптырмас әріптес.

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде:

«Сингапурде жұмыс істеп жүргенімде мен Сингапур үкіметінің саясатындағы екі нәрсеге назар аудардым, олар: білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Сингапурдің көптеген студенттері Англияның, АҚШ-тың, Австралияның ең үздік оқу орындарында білім алды. Сингапурдің қазіргі зияткерлік әлеуетінің негізі осылай қаланды.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске келсек, бұл жетілдірілген заң жүйесінің, заң үстемдігінің жарқын дәлелі және биліктің саяси ерік-жігері осындай нәтиже берді, ол бүкіл дүниежүзі қоғамдастығын Сингапурға зор құрметпен қарауға амалсыз көндірді», - дейді.

Демек, бұл елмен білім-ғылым бағыты бойынша да тәжірибе алмасу, студент алмасу, сол мемлекетке барып қызмет ету, білім алу мүмкіндіктерін қарастыруға әбден болады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді де Сингапурға ресми сапармен барып келді. Бұл да жаңа замандағы жаңа байданыстың қандай деңгейде болатынын көрсетеді. Алғашқы ресми сапары шеңберінде Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнанмен және Еңбек ресурстары министрі, Екінші сауда және өнеркәсіп министрі Тан Си Ленгпен келіссөздер жүргізді және Сингапур президентімен кездесті.

Бұл елге барған үлкен делегация құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов бар.

Сонымен, келіссөздер қандай бастамалардан хабар береді? Алдымен соған тоқталайық. Әлбетте, ең алдымен ресми құжат бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Ең алдымен алдағы уақытта болатын жоғары мемлекеттік деңгейдегі сапарлар кестесі белгіленді. Сыртқы істер министрлігінің бұл хабарға ерекше акцент беріп отырғанын ескерсек, алдағы уақыттағы екі ел арасындағы кездесулер көптеген байланыстарға жол ашатынын білдіреді. Және бұған Қазақстан тарапы да, Сингапур тарапы да мүдделі болып отыр.

Одан бөлек, сауда-экономикалық, инвестициялық көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары да сөз болды. Қазақстанның кең даласы логистикалық байланыс тұрғысында көптеген мүмкіндіктерге ие екені белгілі, Сингапур тарапы да Қазақстанның Еуразия мен Оңтүстік-Шығыс Азияның транзит-логистикалық хабы ретіндегі рөліне ерекше назар аударып отыр.

Өз кезегінде Қазақстан тарапы да Сингапурдың біздің ел үшін маңызды серіктестердің бірі екенін айтты.

«Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басты саяси серіктестерінің бірі. Үш онжылдық ішінде біз сенімді саяси диалог пен маңызды экономикалық және мәдени байланыстар орнаттық. Қазақстан мен Сингапур басты халықаралық мәселелерге ортақ және жақын көзқарастарға ие», - деді Сыртқы істер министрі – ҚР премьер-министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Иә, ең алдымен көзқарас үйлессе, ары қарай екі ел арасындағы байланыстардан көп үміт күтуге болады. Жалпы, биыл Қазақстанның көптеген елдермен сенімді қарым-қатынас орнатқанына, елшіліктер ашылғанына 30 жыл толады. Осындай маңызды дата кезінде алды-артымызды бір бағамдап, стратегиялық әріптестік пен саяси достық, экономикалық байланысты тағы бір қорытындылап, жаңа деңгейдегі қарым-қатынастар орнату мәселесі маңызды. Бұл кездесуде де осы мәселе сөз болды:

«Министрлер алдағы жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын атап өтіп, осы мерейтойды мерекелеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылады. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелері Министр Тан Си Ленгпен кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Тараптар елдер арасындағы инфрақұрылым және логистика, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, жоғары технологиялық өндіріс және басқа салалардағы экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету және кеңейту үшін қолда бар әлеуетті атап өтті. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымы артуының оң трендін атап өтті, осылайша 2021 жылы ол 1 млрд астам АҚШ долларын құрады және биыл 3 есе өсім күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында ғана екіжақты сауда көлемі 926 млн АҚШ долларға жетті», - деп хабарлады бұл кездесу туралы министрлік өкілдері.

Осы сапар барысындағы негізгі жаңалықтың бірі министр Мұхтар Тілеубердінің «Kazakhstan - Singapore Business Council» – Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңестің ресми ашылуына қатысуы. Бұл салтанатты іс-шара құрамына CPG International, Kusto Group, ZNC Enviroventures және басқа да ірі компаниялар кірген бұл бизнес-қауымдастық екі ел арасындағы сауда мен инвестицияларға, іскер топтардың екіжақты іскерлік ынтымақтастығының байланыстырушы буыны мен катализаторын құруға мұрындық болатын алып құрылым.

Бұдан кейін вице-премьер – мнистр Мұхтар Тілеуберді Сингапудың президенті   Халима Якубпен кездесті. Ол кездесуде Қазақстан президентінің ыстық сәлемін жеткізіп, қазіргі Қазақстанда жүріп жатқан реформаларға назар аударды. Сингапур президенті де Қазақстандағы соңғы саяси науқандар туралы көзқарасын айтып, Қазақстанның әлемдік тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау тұрғысындағы бастамалары мен ұстанымдарына баға беріп, алдағы уақытта Қазақстанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің алдағы саммиті және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы айтып, бұл тараптағы Қазақстанның ролінің ерекше екенін айтты.

Бұл кездесуде алдағы уақытта Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға ресми сапарын ұйымдастыру туралы да жоспар құрылды. Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Сингапурдың аға министрі, бізше айтқанда премьер-министрін қабылдаған болатын. Енді, президенттің өзі арнайы ресми сапармен барса, екі ел арасындағы байланыстың жаңа дәуірі басталады деп есептеуге толық негіз бар.

Байланысты жаналықтар

Бектенов әкімдерге шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті бөлуді қатаң тапсырды

10.05.2024

Энергетика министрі БАҚ-тан кешірім сұрауды талап етті

10.05.2024

Жаслан Мәдиев Бағдат Мусиннің орнын алмастарды

06.05.2024

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

06.05.2024

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

06.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024
MalimBlocks
Бектенов әкімдерге шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті бөлуді қатаң тапсырды

Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді.

Энергетика министрі БАҚ-тан кешірім сұрауды талап етті

Бірақ ол қай БАҚ-ты меңзегенін ашып айтпады.

Жаслан Мәдиев Бағдат Мусиннің орнын алмастарды

Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

Президент ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.