Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский мен Путин алғаш рет Трамптың бейбіт жоспарына пікір білдірді

Әлем
Зеленский мен Путин алғаш рет Трамптың бейбіт жоспарына пікір білдірді
Фото:depositphotos.com

Украина президенті Владимир Зеленский Киев Вашингтонның бейбіт жоспары бойынша АҚШ-пен және өзге де серіктестерімен жұмыс істеп, ондағы талаптарға балама ұсынып, конструктивті шешімдер іздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Украина қазір тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр және өте ауыр таңдау алдында қалуы мүмкін.

«Не ар-ожданнан айырылу, не негізгі серіктестен айырылу қаупі тұр. Не 28 тармақпен келісу, не өте ауыр қыс және өзге де қауіп күтіп тұр. Бостандықсыз, ар-ождансыз, әділетсіз өмір… Бізден жауап күтеді», — деді Зеленский.

Мемлекет басшысы Украина даурығып мәлімдеме жасамайтынын, АҚШ-пен және басқа серіктестермен «сабырлы түрде жұмыс істейтінін» атап өтті.

Зеленский бейбіт жоспардағы тармақтардың арасында «ең кемі екеуі — украиндардың ар-ождан мен бостандық құқығы — қалмауы үшін» күресетінін айтты.

«Өйткені бәрінің негізі — біздің егемендігіміз, тәуелсіздігіміз, жеріміз, халқымыз және Украинаның болашағы — осы. Соның нәтижесінде соғыс тоқтап, Украина да, Еуропа да, жаһандық тыныштық та аяқталмауы үшін бәрін жасаймыз және жасауымыз керек», — деді президент.

Ол сондай-ақ еуропалық одақтастардың көмегіне үміт артты.

Украина президенті алдағы апта «өте қиын» және «оқиғаларға толы» болатынын ескертті. Оның айтуынша, осы кезеңде украиндарды іріткі салу үшін ақпараттық және саяси қысым жасау талпыныстары көбейеді. Ол азаматтарды бірлікке шақырды.

«Мен украин халқына үндеу жолдаймын. Халқымыз, азаматтар, саясаткерлер — бәріміз сабамызға түсіп, араздықты тоқтатып, саяси ойындарды доғаруымыз керек», — деді ол.

Ал ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет АҚШ-тың бейбіт жоспарына пікір білдіріп, бұл мәселе Аляскадағы кездесуге дейін талқыланғанын айтты.

«Талқылау барысында америкалық тарап бізден белгілі бір ымыраға келуді сұрады», — деп оны РБК келтіреді.

Путиннің сөзінше, келіссөздер кезінде Мәскеу бейбіт ұсыныстарға жалпы келісетінін растаған. Алайда Аляскадағы келіссөздерден кейін Украина Трамп ұсынған жоспардан бас тартқандықтан, америкалық тарап үзіліс жасаған.

Путин осы себепті «28 тармақтан тұратын жаңартылған жоспар» пайда болғанын болжады. Ол Ресейдің бұл жоспарға қол жеткізгенін айтты.

«Ойымша, ол да түпкілікті бейбіт реттеудің негізіне айнала алады. Бірақ бұл мәтін бізбен нақты талқыланып жатқан жоқ», — деді ол.

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын Трамп өзінің әкімшілігі Украинаға бейбіт жоспардағы 28 тармақпен келісу үшін келесі бейсенбіге дейін мерзім қойғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Зеленский Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтату бойынша жаңа жоспар жобасын алғаны және жақын күндері АҚШ президентімен келіссөз өткізуді көздейтіні хабарланған. Ақ үй бұл жоспардың түпкілікті еместігін айтты.

Украина халық депутаты Алексей Гончаренко Telegram-арнасында соғысты тоқтату жөніндегі 28 тармақты жариялаған. Құжат аумақтық мәселелерді, елді қалпына келтіруді және оның саяси мәртебесін қамтиды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу