Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Украинаға "бейбіт жоспарды" қабылдауға 6 күн берді

Әлем
Трамп Украинаға "бейбіт жоспарды" қабылдауға 6 күн берді
Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға американдық тарап ұсынған “бейбіт жоспарға” келесі бейсенбі, 27 қарашаға дейін келісуге уақыт берді. Бұл туралы ол 21 қараша, жұма күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

27 қараша — АҚШ-та Алғыс айту күні, және Трамптың пікірінше, бұл Ресеймен соғысты аяқтау жөніндегі келісімге келуге қолайлы уақыт.

“Менде талай дедлайн болды, бірақ егер бәрі жақсы жүрсе, мерзімдер әдетте ұзартылуы мүмкін. Бірақ бейсенбі — біздің ойымызша, қолайлы уақыт”, — деді ол.

Трамп сонымен бірге Украина бұл соғыста жерін де, халқын да жоғалтып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Reuters пен Washington Post АҚШ билігінің Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресеймен бейбіт келісімге келуге мәжбүрлеу жоспары туралы хабарлаған. Егер Киев бас тартса, АҚШ қару-жарақ жеткізуді және украин әскерімен барлау деректерін бөлісуді тоқтататынын ескерткен.

Трамптың “бейбіт жоспарына” қатысты пікір білдірген Зеленский ел өте қиын таңдау алдында қалуы мүмкін екенін айтты.

Не абыройдан айырылу, не басты серіктестен айрылу қаупі. Не 28 тармақ, не аса ауыр қыс — ең ауыр қыс — және басқа да қауіптер”, — деді ол жұма күні Украина халқына жолдаған үндеуінде.

Сонымен қатар Зеленский АҚШ-пен және өзге серіктестермен келіссөз жүргізіп, америкалық “бейбіт жоспарда” көрсетілген талаптарға балама нұсқалар ұсынатынын уәде етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу