397 фашистің көзін жойған батыр  «Халық қаһарманы» атанды

Даңқты батырлар соғыста қанша ерлік көрсетсе де «Кеңес одағының батыры» атағы берілмеді.

Malim Админ

  • 06.05.2022

Екінші дүниежүзілік соғыста 397 фашистің көзін жойған Төлеуғали Әбдібекке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл атақ 289 немісті жер жастандырған батыр Ыбырайым Сүлейменовке де тиесілі.

 

Даңқты батырлар сұрапыл соғыста қанша ерлік көрсетсе де «Кеңес одағының батыры» атағын ала алмады. Айталық Төлеуғали Әбдібек «Халық жауының» туысы болғандықтан ерлігі ескерілмей келді. Ал Ыбырайым Сүлейменовті қолбасшылары, қатарластары мадақтап, құрметтеген. Сол кездегі майдан басылымдарында Кеңес одағының батыры деп талай мәрте жазылды. Дегенмен, ресми түрде жоғары дәрежелі атаққа батырдың қолы жетпеді.

 

Сондай-ақ 690-шы атқыштар батальонының командирі – Александр Несмиянов та қаншама жылдан соң «Халық қаһарманы» атанды.  

 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлық шығарып,  Екінші дүниежүзі соғыста ерлік көрсеткен үш майдангерді   осы  марапатқа ие деп тапты.   

Батырларға 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста    көрсеткен ерлігі «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені қоса табысталды.     

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады