«Адал сайлау үшін» құрылған штаб заңды бұзбауға шақырады

«Адал сайлау үшін» атты штабтың мүшелері бүгін брифинг өткізіп,  мәжіліс пен мәслихат сайлау алды науқанындағы ахуалды бағалап отырғандарын жеткізді.

  • 14.02.2023

Штаб жетекшісі Серік Ақылбайдың айтуынша, жүргізілген мониторингте  округтік сайлау комиссиясына кандидаттың Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұру бөлігінде кандидаттың сәйкестігін анықтау қиынға соққан жағдайлар болған, себебі бұл деректер көші-қон қызметінің деректері бойынша расталмаған. Заң бойынша сайлау комиссиялары өкілетті органдардан алынған мәліметтерді қайта тексеруге құқылы емес. Құқықтық алаңда тұрақты тұрудың заңды фактісін растау және анықтау тек сот құзырында. Сот шешімінің негізінде округтік сайлау комиссиясы өз шешімін қайта қарап, кандидаттың Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтаған.

Сондай-ақ, штаб мүшесі Әбдікәрім Ақжанов партиялық тізімдер бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да депутаттыққа кандидаттар заң ережелерін басшылыққа алуға міндетті екенін, өйткені депутаттар заң шығару және мемлекеттік шешімдер қабылдау саласында жауапкершілік жүктемесін көтеретінін атап өтті. Оның әріптесі Думан Жампейісов сайлау заңнамасының ықтимал бұзушылықтардың түрлерін, оның ішінде үгіт-насихат кезеңінің басталуына дейін үгіт материалдарын орналастыру, сайлау күні және оның алдындағы күні үгіт материалдарын орналастыру және тағы да басқа талаптарды хабардар етті.

«Адал сайлау үшін» штабы депутаттыққа кандидаттар мен партияларды сайлау науқанын  заң шеңберінде жүргізуге шақырды. Сондай-ақ, сайлау талаптарын еске салды. Мәселен, 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18:00-де кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу аяқталады. Депутаттыққа кандидат ең алдымен сайлау құқығына ие болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидат  ел аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұратын, 25 жасқа толған Қазақстан  азаматы бола алады.

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.