Әкім Оразалин орнынан кете ме?

Олжас Қасым

  • 21.05.2020

Ақтөбе облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қамауға алынды. Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, ЖШС үшін табыс түсіру мақсатында мердігер ұйымның Мұғалжар ауданында орта мектеп құрылысын толық жүргізбегенін біле тұра, шарт бойынша жұмысын жасатпай, ақшасын қайтарып алған», - деді Агенттіктің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр БИҒАЙДАРОВ.

Жемқорлыққа қарсы агенттік күдіктінің аты-жөнін хабарламаған. Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қанат МЕНДІҒАРА деп көрсетілген.

Күдікті кеше 20 мамырда ұсталып, Ақтөбедегі уақытша тергеу абақтысына қамалған екен.

2019 жылы желтоқсан айында ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасары, тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса отставкаға өтініш беруі тиіс.

Алайда, әзірге заң алдында қарамағындағы қызметкер үшін бірде-бір шенеунік жауап берген жоқ. Отставкаға өтініш бергенін де естігеніміз жоқ. Мәселен, биыл қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы әкімі Асқар ЕСІЛОВ ұсталып, қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша күдікке іліккен. Артынша сот оны кінәлі деп тапқан-ды. Бірақ одан қала басшысы Алтай КӨЛГІНОВ отставкаға өтініш берген жоқ.

2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», – деген еді мемлекет басшысы. 

Тіпті бұл заң аудан әкімдеріне де жүрмей тұр. Былтыр Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бауыржан СЕРІКОВ пара алды деген күдікке ілініп, сотта қылмысы дәлелденген. Бірақ аудан басшысы Юржан БЕКҚОЖИН өз орнында қалған. Бұндай мысалдарды келтіре беруге болады.

Ал енді бұл жолы ақтөбелік шенеуніктің қылмысы дәлелденсе, Оразалин орнында қала ма? Әлде өзгелердей орнында қала бере ме?

Фото: inbusiness.kz

 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

23.01.2025

Балабақшалардан 54 млн теңге жымқырған есепшілер сотталды

25.11.2024

Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол салды

24.11.2024

Ақтөбе облысында тікұшақ қатты қонып, экипаж мүшесі қаза тапты

09.11.2024

Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты іске Бас прокурор араласты

04.09.2024

Олимпиада алдында баспаналы болған легионер балуан жүлдесіз қалды

09.08.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

Олар Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан

Балабақшалардан 54 млн теңге жымқырған есепшілер сотталды

Бухгалтерлер басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, ақшаны өз есепшоттарына аударған

Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол салды

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Ақтөбе облысында тікұшақ қатты қонып, экипаж мүшесі қаза тапты

Қалған екеуі Ақтөбеге жеткізілген

Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты іске Бас прокурор араласты

Олимпиада алдында баспаналы болған легионер балуан жүлдесіз қалды

Париж Олимпиадасында еркін күрестен аса ауыр салмақта белдескен ұлттық құрама балуаны Юсуп Батырмырзаев бірінші айналымда есе жіберіп, жарыс аяқталды.