«АМANAT» партиясы Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

  • 20.05.2022

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында партия активімен, зиялы қауым өкілдерімен, БПҰ мүшелерімен, қалалық су электр стансасы ұжымымен және тағы да басқа бірқатар кездесу өткізіп, алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылады.

Зиялы қауыммен кездесуде Атқарушы хатшы жаңа облыстар құрылғаннан кейін Қонаев қаласы Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде осы өңірдің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.

«Қонаев қаласының тұрғындары – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздегі ауқымды өзгерістерді қызу қолдаған алғашқылардың бірі. Енді саяси реформалар бағытын толық жүзеге асыру үшін «Екінші Республиканың» саяси іргетасы болатын конституциялық реформа жүргізу ұсынылып отыр. Еліміз демократиялық қағидаттарды толығымен ұстанады. Бұған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың жаппай дауыс беруі арқылы енгізілетіндігі дәлел бола алады. Біз қала тұрғындары да оған белсенді қатысатынына сенімдіміз», деді Асхат Оралов.

Өз кезегінде, Іле ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Ербол Тұрымбетов облыс және қаладағы зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мәдениет және спорт қайраткерлері дауыс беруге шығарылатын түзетулердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын хабарлады.

«Референдум – бұл халқымыз үшін сынақ іспетті. Кездесулер барысында халықтың бұл бастаманы жоғары бағалайтынын және дауыс беруге қатысуға дайын екендігін көреміз. Өйткені елдегі кез келген өзгеріс түптеп келгенде Ата Заңға байланысты екені белгілі», деп атап өтті Ерболат Тұрымбетов.

Партия активінің жиыны барысында Асхат Оралов аманаттықтар Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші бола отырып, барлық өзгерістің алдыңғы шебінде болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия да бүкіл еліміз сияқты, трансформация процесін бастан өткеруде және қазір қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде топтасуы маңызды.

Қалалық су электр стансасының ұжымымен жүздесу барысында да  алдағы өзгерістер жайы талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, дауыс беру күні қала тұрғындары жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Партияның Алматы облыстық филиалында «AMANAT»-тың 90 мыңнан астам мүшесі және 307 бастауыш партия ұйымы бар.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады