Американың ұсынысына Украина қарсы емес

Украина сирек жер қазба минералдарына, мысалы, литий, уран және титанға бай ел. Трамптың сирек жер қазба минералдарына деген қызығушылығы – Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабылдау, деп есептейді NYT.

Malim Админ

  • 04.02.2025

Кеше АҚШ президенті Украинаның сирек металдарын әскери көмекпен айырбастауды қалайтынын айтты. Бұл туралы New York Times-қа сілтеме жасап, ВВС хабарлады.

«Біз Украинамен келісім жасағымыз келеді, біз өзіміздің әскери көмекті олардың сирек металдарына айырбастағымыз келеді», – деді Трамп.

Украина сирек жер қазба минералдарына, мысалы, литий, уран және титанға бай ел. Трамптың сирек жер қазба минералдарына деген қызығушылығы – Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабылдау, деп есептейді NYT.

Зеленский бұған дейін АҚШ-тың Украинаға көмек көрсетуі экономикалық мүдделерге сай келетінін, себебі Украина АҚШ өнеркәсібіне қажетті маңызды минералдарға бай екенін айтқан болатын.

Дүйсенбі күні кешке Трамптың мәлімдемесіне жауап ретінде Украинадағы жоғары лауазымды шенеунік АҚШ-пен сирек жер қазба минералдары бойынша келісім жасауға Украина дайын екенін, бірақ АҚШ бұл ресурстардың Ресейдің қолына түспеуі үшін жеткілікті қауіпсіздік кепілдіктерін беруі тиіс екенін мәлімдеді, деп жазады NYT.

Украина былтыр Джо Байден әкімшілігімен пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлаған болатын, деп атап көрсетеді басылым. Алайда, Украина билігі келісімді кейінге қалдырып, Трамптың билікке келуін күткен, Трамп әкімшілігімен келісім жасау жоспарланған.

Қараша айында Украина үкіметінің делегациясы Вашингтонда америкалық кәсіпкерлермен кездесіп, сирек кездесетін пайдалы қазбаларды өндіру лицензияларын сатып алуға қатысты әлеуетті бизнес келісімдерін ұсынған, деп хабарлайды  басылым.

Фото: www.aa.com.tr

Байланысты жаналықтар

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

19.02.2025
MalimBlocks
Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

АҚШ президенті Украинада сайлау өткізу қажеттігін қайталап, бұл сайлау ел президенті Владимир Зеленскийдің жағдайын заңдастыруы тиіс деп мәлімдеді.