Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қамауға алынды 

221 миллион теңге жымқырған

Malim Админ

  • 24.01.2023

Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлының экс-орынбасары қамауға алынды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша басқа да тұлғаларға қатысты тергеу туралы айтты.

«Жүргізіліп жатқан тергеу аясында «ҚР Ұлттық музейі» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, ол А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі»  халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.    

Ресми мәліметтер бойынша, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Алмаз Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.  

«Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», - деді антикордың баспасөз өкілдері. 

Еске салайық, 17 қаңтарда Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы бір айға ұзарған болатын. Ол 2022 жылғы наурыздан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.                    

Байланысты жаналықтар

Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

23.01.2023

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

16.08.2022

Асанәлі бастаған топ Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады

05.08.2022

Антикор Нұр-Сұлтан сотының төрағасын тексеріп жатыр

03.06.2022

Арыстанбек пен баспасөз хатшысы неге өтірік айтады?

29.05.2022

Ауруханадан үйіне, үйінен абақтыға – Арыстанбектің ұсталғаны рас па?

27.05.2022
MalimBlocks
Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

Оның жеткізушіден 16 млн теңге алғаны туралы айтылған

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған

Асанәлі бастаған топ Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады

"Елдің қаржысына қол салатын арсыз қылық шықпайтынына қарт жүрегіміз сенімді» дейді олар.

Антикор Нұр-Сұлтан сотының төрағасын тексеріп жатыр

Бәрпібаевтың ұшағын кәсіпкер  құдасы жалға алған

Арыстанбек пен баспасөз хатшысы неге өтірік айтады?

Арыстанбекке қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған

Ауруханадан үйіне, үйінен абақтыға – Арыстанбектің ұсталғаны рас па?

Сол жерден оны Антикор қызметкерлері алып кетті